Елімізде жеке сот орындаушылары институты құрылcа да атқару өндірісінің жүгі жеңілдер емес. Сондықтан бұдан былай жекелеген сот орындаушылары да атқару өндірісіне атсалысатын болады. Себебі, жыл өткен сайын түрлі санаттағы борышкерлер қатары көбейіп отыр.
Сот орындаушысының қызметі қиын әрі қауіпті.Түрлі санататтағы борышкерлердің көбейіп отырғаны лауазымды тұлғалардың жұмыс жүктемесіне де салмақ салып отыр. Айталық, орта есеппен бір сот орындаушыға 156 атқару ісі тапсырылады. Бұл шамадан едәуір артық дейді сала мамандары.
Бұдан былай атқару өндірісіне жеке сот орындаушылары да жұмылдырылатын болады. Бүгіннің өзінде жеке институт мамандары банк борышкерлерімен нәтижелі жұмыс істеп келеді. Енді заңнамадағы жаңа өзгеріске сай жеке сот орындаушылары өзге де атқару ісіне атсалысатын болады.
Айта кетейік, бүгінде облыста мемлекеттік атқару ісінде 80-ге жуық, жекелеген институтта 40-тан аса сот орындаушы қызмет етеді. Енді бірқатар атқару ісінде қос алқаның лауазымды тұлғалары қоян-қолтық іске кіріспек.