Шымкенттіктер үшін «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды

498

Шымкент қаласының Әділет департаменті, қалалық прокуратура және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы бірігіп «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ғимаратында ашық есік күні шарасын өткізді.

Жер, мүлік, жәрдемақы, сот шешімімен келіспеген және алимент өндіру мәселелерімен келген азаматтар мамандардан кеңес алды. Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының өкілдері де өндірістегі істер бойынша қалалықтар өз құқықтары мен міндеттері жайлы түсініктеме берді

Айнұр Исабекова, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы: «Жаңа ғана бір азаматшаны қабылдадым. Алимент өндіру бойынша көмек сұрап келіпті. Заң аясында  іс-әрекетін түсіндіріп, осындағы сот орындаушыларға жолықтырдық. Қазіргі таңда мемлекеттік және жеке сот орындаушыларында 9 мыңға жуық іс өндірісте. Алимент өндіру бойынша 2 мың 700 іс  бойынша жұмыс жүргізіліп, қазір олардың саны 1 мыңға азайды».

Шынар Оразова