Қошқарата көшесін су басты

255

Шымкентте Қошқарата көшесін су алып жатыр. Ұзындығы 5 шақырымды алып жатқан бұл көше қаладағы ең төменгі нүкте болып табылады. Сондықтан Қырғы базар аумағынан төмен қарай ағатын су мен батпақ осында жиналады.

002Жауын-шашынды ауа райында көшеден қатынау тіпті мүмкін болмай қалады. Жиырма жылдан бері жол азабынан көз аша алмай келе жатқан жергілікті тұрғындар жергілікті билік өкілдеріне талай рет шағымданған. Алайда, 100-ден аса үйлі жанның жанайқайына ешкім құлақ асар емес.