Қылмыспен түзеу инспекторының өзі түрмеге қамалды

184
фото: //diapazon.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданындық қылмыстық түзеу инспекциясының қызметкері алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

фото: //diapazon.kz
фото: //diapazon.kz

«Түлкібас аудандық қылмыстық түзеу инспекциясының инспекторы мемлекеттік лауазымдағы тұлға бола тұра өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, алдау арқылы өзгелердің сеніміне кіріп, сотталушы азаматтың ата-анасынан істі оң шешіп беремін деген желеумен 60 мың теңге бопсалаған. Ол 2014 жылдың 25-тамызы күні Т.Рысқұлов ауылындағы «Дос би» дәмханасында шағымданушы тараптан 18 мың теңгені алып, тағы 42 мың теңге талап етеді. Сол соманың 30 мың теңгесін алу кезінде инспекторды облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қолға түсірді» делінген хабарламада.

Түлкібас аудандық сотының үкімімен айыпты азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылып, оған тиесілі мүлік тәркіленіп алынатын болды.