«Нұрсәт» шағынауданындағы тұрғын үйлерді салу кезінде ақша жымқырғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттің қаржысына қол салғандар 175 миллионнан астам теңгені қымқырып кеткен.
Тексеру барысында «Шымкент қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй құрылыстарына жауапты бас маманы және техникалық бақылаушы «Тұран құрылыс» ЖШС-нің мамандары, «ШРМСУ» ЖШС директорымен бірге алдын ала сөз байласқаны анықталды.
Айыпталушылар арнайы құжаттарға жалған мәліметтер енгізе отырып, қызметтік жалғандық жасау жолымен құрылыс-жобасы мен сметадан өрескел ауытқуға жол берген.