Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Құрманғали облыс имамдарымен кездесті. Жиын барысында өңіріміздегі діни ахуал сараланып, облыс мешіттерін білікті мамандармен қамтамасыз ету, өзге діни ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастармен жұмыс жүргізу сынды өзекті мәселелер талқыланды.

003

Басқарма басшысы дін саласында тұрақтылық пен бірлікті нығайту, облыс тұрғындарының арасында діни біліктілікті және руханиятты көтеру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып, жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

002

Берік Уәли, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы: «Облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей бастамасымен имандылық тақырыбында «Біз Құранды білеміз бе?» деген тақырыппен телебағдарлама топтамасы шығарылды. Бұл бағдарлама биыл да түсіріліп, жалғасатын болады. Одан басқа да атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік.

Біз ақпараттық-насихат жұмыстарына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Қолда бар мүмкіндікті барынша пайдаланып, ақпарат құралдарымен жұмысты күшейтуіміз маңызды. Исламның дәстүрлі емес ағымдары ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланып, әр түрлі сайттар, әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмыстарын жүргізуде. Біз де заман талабына сай іс-қимыл жасауымыз керек.»

004

Сонымен қатар Берік Уәлиұлы имамдардың діни білімі мен біліктілігін үнемі көтеру, тұрғындар арасында, әсіресе, жас буын өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту сияқты аса маңызды міндеттерді назарға алу қажеттігіне көңіл бөлді.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі