Оңтүстіктің имамдары қан тапсырды

352
Оңтүстіктің имамдары қан тапсырды

Оңтүстіктің имамдары жаппай қан тапсырды. Игі шара аясында дін өкілдері қаладағы қан орталығына келіп, донор атанды. Сондай-ақ, облыстық қан орталығынан бөлек Мақтаарал, Сарыағаштағы мешіт қызметкерлері де аудандардағы бөлімшелерде қан тапсырды.

Қан орталығына келген донорлар бүгін күндегіден өзгеше. Бұл жолы дін өкілдері қан тапырмақ. Басқалар секілді, имамдар да қайырымдылық шарасына қатысып, сауапты істен қалыс қалғысы келмейді. Осы арқылы денсаулығы сыр берген жандарға көмек қолын созбақ.

Оңтүстіктің имамдары қан тапсырды

Ахметжан Керімбек, облыстың бас имамы: «Қан тапсырған – сауапты істердің бірі. Біз мұндай қайырымдылық акциясынан тыс қалмаймыз.»

Мұндағы мамандардың айтуынша, мұсылмандар діни басқармасының қызметкерлері – қан орталығына келіп тұратын тұрақты донорлар. Имамдар жылына екі рет қан тапсыруды әдетке айналдырған. Ал негізінен мұнда күніне жүзге жуық адам келіп қан тапсырады. Донорлардан алынған қан тобына қарай іріктеледі.

Оңтүстіктің имамдары қан тапсырды

«Қан тапсырушы адам алдымен бірнеше тексеруден өтеді. Терапевт, инфекционист сынды мамандар бақылайды, тексереді.»

Имамдар бұл жолы игі іс-шараны «Бауырыңа өмір сыйла» атауымен өткізуде. Айта кетейік, бұл күні дін өкілдері облыстық қан орталығынан бөлек, аудандағы басқа да бөлімшелерде қан тапсырды.

Лаура Нахыпқызы