Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 35-сессиясы өтті. Депутаттардың қарауына ұсынылған 2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау, үш басқарманы бекіту мәселелері алдын тұрақты комиссияларда жіті қаралғандықтан, шешімдер бірауыздан қабылданды.
Сөйтіп республикалық бюджеттен бөлінген 148 млрд. теңгенің 30 млрд-тан астамы білім саласына, 50 млрд-қа жуығы денсаулық саласына бағытталды. Айта кететін жайт, тұрақты комиссияларда қызу талқыланған Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қаржылай көмекті мерзімінен ерте көрсету мәселесі сессияда да көтеріліп, облыс басшысы оны шешуге ықпал жасаймын деп уәде берді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tWBNLATIwrs[/youtube]