Оңтүстіктің ең үздік педагог-психологтары белгілі болды. Облыстық білім басқармасы үздік, ұлағатты, жаңашыл, шығармашыл және ізденімпаз номинациялары бойынша жылдың 18 үздік педагог-психологын марапаттады.
Сынға түскен 41 ұстаздың жұмысы үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі, тәртібі қиын балалармен жұмыс істеу, ҰБТ кезінде оқушыларға психологиялық көмек көрсету, психологиялық-әдістемелік жұмыстар атқару сында талаптар бойынша іріктелген. Үздіктердің ішінде облыстың барлық Созақ, Түлкібас, Арыс, Төлеби, Сайрам мен Қазығұрт және Шардара аудандарының мұғалімдері бар.
Қаракөз Момбаева, «Шығармашыл педагог-психолог» номинациясының иегері: «Мен үй жағдайында сабақ оқитын мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаймын. Сонымен қатар облыстағы педагог-психолог мамандарға семинар-тренингтер жүргіземін. Арнайы психологиялық әдістемелік жазбам да жарыққа шықты. 10 жылдық жұмыс барысында алған алғашқы марапатыма қуаныштымын. Жұмысымызды елеп-ескергені қуантады».
Айта өтейік, 2014 жылы 25-желтоқсан психологтар күні ретінде белгіленіп, ұстаздар бір қуанған болатын. Енді, міне, алғаш рет облысымызда үздік, білікті де білімді педагог-психологтарды марапатталуда. Мұндай шаралар мұғалімдерге серпін беріп, жұмысында ізденіс туғызуға себін тигізеді дейді номинация иегерлері.
Айта өтейік, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін 1022 мектепте 1457 педагог-психолог қызмет атқарса, 890 арнайы психологиялық кабинет ашылған.