Негізгі кейіпкердің бірі- сиқыршы ата

Балаларға базарлық. Шымкентте бүлдіршіндерге арналған кино түсірілімі басталды. Ғажайыпқа толы киноның басты кейіпкерлері — арнайы актерлік мектепте білім алатын оқушылар мен театр әртістері.

Негізгі кейіпкердің бірі- сиқыршы ата
Негізгі кейіпкердің бірі — Сыйқыршы ата

Ертегінің желісі қатар жүретін екі әлем мен ондағы жағымсыз мыстан мен қарғалар, 7 қыз бен өзге де ертегі кейіпкерлерінен тұрады. Негізгі салмақ Сыйқыршы ата мен өзге әлемнен келген балаға түсіп тұр. Осылайша балаларды ертегі желісі арқылы ерлікке, патриоттық рухта тәрбиелеу көзделген.

Оператор жұмыс кезінде
Түсірілім барысы

Киноның режиссері әрі авторы — Эльмира Әбсаматова. Жаңа дүниенің атауы әлі қойылмаған. Ал қаржыландыру мәселесі ата-аналар мен мектеп ұжымының қолдауымен шешіліпті.

Балалармен кезекті түсірілім барысы
Балалармен кезекті түсірілім барысы

Бұл — режиссер Эльмира Әбсаматованың алғашқы еңбегі. Автор тырнақалды туындысының ойдағыдай шығатынына сенімді. Режиссер ертегіні алдағы уақытта телеарналарда көрсетуге ұсынатынын жеткізді.