«Ләйлек» балаларды қуыршақ театрына шақырады

Ертегі кезінде

Балаларға базарлық! Бүгін облыстық қуыршақ театр ұжымы кішкентай бүлдіршіндерді жаңа ертегімен қуантты. Ирина және Ян Златопольксийлердің «Ләйлік» атты ертегісі негізінде сахналанған қойылымның басты кейіпкері – Құтанның балапаны Ләйлік.

Ертегі кезінде
Ертегі кезінде

Ертегі желісі Ләйліктің достарына тек жақсылық, бақыт әкелгісі келетін әрекеттері арқылы өрбіп отырады. Ал оның жақсы ниетін дұрыс түсінбеген кірпі мен тышқан, аю келемеждеп, одан теріс айналады. Ал соңында өз қателіктерін түсінген достары Ләйліктен  кешірім сұрап,  соңы достықпен аяқталады.

Ертегінің басты кейіпкері - Ляйлек
Ертегінің басты кейіпкері – Ляйлек

Ертегінің айтар ойы- балдырғандарды сабырлылыққа, жақсылыққа, еңбекқорлылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларына арналған.

Қойылымды балалар аса қызығушылықпен тамашалады
Қойылымды балалар аса қызығушылықпен тамашалады

Қойылымның режиссері- Мақпал Малдыбаева, ал қоюшы суреттшісі – Г.Бабаева, ал қазақ тіліндегі нұсқасын жазған Ж. Ибрагимова. 45 минутқа созылатын ертегі қуыршақ театры әртістерінің жаңа жылдан бері сахналаған ең алғашқы спектаклі.