Экономикалық сотта судьялар саны артып, келіп түскен талап арыздар дер кезінде қаралып жатыр. Азаматтық істер бойынша былтыр 17 мыңға жуық талап-арыз түсіпті. Оның 16 271-і өндіріспен аяқталған. Ал тұралап қалған кәсіпорындар мен жер дауы бітер емес дейді мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы Бауыржан Сайрамбайұлы.
Оңтүстікте өршіп тұрған мәселе — жер дауы. Мұны сот төрағасы да нақтылайды. Әсіресе, мемлекеттің мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп алу жөнінде арыз көп. Басым бөлігі төленетін ақшаның көлеміне келіспейді дейді төраға.
Бауыржан Диханбаев, мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы: «Жер дауына байланысты жалпы 371 талап-арыз түскен. Оның 256 ісі өндіріспен аяқталаған».
Былтыр экономикалық сот 15 032 шешім қабылдаған. Ал аппеляциялық тәртіппен тек 48 іс бойынша шешім бұзылған. Осы көрсеткіш негізінде экономикалық сот еліміздегі соттар арасында рейтинг бойынша Алматыдан кейінгі екінші орында тұр.
Бұл жетістікпен сот төрағасы мақтанбайды, керісінше, жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін алға тартты. Айтпақшы, экономикалық сотта медиация заңы көп қолданылмайды. Сондықтан болар, тек 115 іс қана бітімгершілікпен аяқталған.
Ал соңғы уақытта көп қолданылатын мемлекеттік сатып алуға қатысты 4 мыңнан аса іс қозғалыпты. Әсіресе, тұралап қалған немесе құрдымға кеткен өндіріс орындарына тиесілі істер созбалаңдылыққа салынады екен.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=22kUCYkWwDE[/youtube]
Айта өтейік, мамандандырылған экономикалық сотта 19 судья қызмет етеді. Бұл жүктеменің азаюына, істің сапасының артуына әсер етеді дейді төраға. Енді экономикалық сотта тұралап қалған істер саны азаяды, оның қаралуы уақыты қысқарады деп күтілуде.