Шымкенттіктер коммуналдық төлем түбіртегінен шатасып бітті

454
"Омега" ЖШС-нің қызметіне халық наразылық білдірді

Коммуналдық қызмет ақысын жаңа жоба бойынша төлеу көпшілікті абдыратып тастады. Айтуларынша, бірыңғай төлем түбіртегі түсініксіз ғана емес, тіпті әлеуметтік жағдайды қиындатып жіберген. Ұзын-сонар кезектен өзге коммуналдық төлем түбіртегіндегі қателіктер тұрғындарды шатастыра бастаған.

Клара Воропаева
Клара Воропаева

Тәжірибесі мол есепші Клара Воропаева үйіндегі кіріспен шығыстың тиынына дейін санап отыруды әдетке айналдырған. Коммуналдық қызмет ақысын да әрдайым кешіктірмей төлейді. Ал бірыңғай коммуналдық төлемнің түбіртегі пайда болғалы есептен жаңылысыпты.

Клара Вопропаева, қала тұрғыны: «Әрине, алғаш түбіртекті алғанда түк түсінбедім, есептелген сомалары сәйкес келмейді. Тіпті ол коммуналдық есептік көрсеткішті ешкім жазып әкеткен де жоқ. Сонда ол төлемді ауадан әкеліп жазды ма? Алғашқы түбіртек болғандықтан, қателік кеткен болар деп, тиісті мекемелерге қоңырау шала бастадым, бірақ ешкім ештеңе білмейміз деп бастарын ала қашты. «Омегалықтар» да біз жауапты емесспіз, қайда барсаң, онда бар деді. Ал мен желтоқсанда коммуналдық қызмет ақысын бірыңғай түбіртек бойынша төледім. Бір қызығы, үйге қаңтар айында газға қарызсыз деген түбіртек тағы келіп тұр. Бұл не деген бассыздық?»

"Омега" ЖШС-нің қызметіне халық наразылық білдірді
«Омега 21» ЖШС қызметіне халық наразылық білдірді

Шымкенттіктердің «Омега» ЖШС қызметіне деген арызы күн санап артып келеді. Сөздеріне сенсек, олар мекемеге коммуналдық қызмет көрсеткішінің қате есептелетінін айтып жалыққан. Ал біз компания өкілдеріне халықтың уәжін айтқанымызда қандай да бір жауап қатудан бас тартты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ccVyYEJqSJc[/youtube]

Бірақ бұл мәселе халық қалаулыларын бей-жай қалдырмады. Депутаттар енді «Омега» компниясының қызметін тексеруді қолға алмақ.

Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Төлемге артық ақша қояды. Мұны содан кейін халыққа компютердің қателігі деп түсіндіреді. Ал расында ол өздерінің ешкімге айтпай, үстіне қосып отырған төлемдері. Бұл қадам заңсыз! Біз мұның барлығын тексереміз, себебі халықтың арызын қарау — біздің міндетіміз!»

бірыңғай төлем түбіртегі
Бірыңғай төлем түбіртегі

Айта кететін жайт, бірыңғай төлем түбіртегіне әлі судың құны кірмейді. Сондықтан ағайын әзірге баяғыдай әр кассаның әйнегіне баруға мәжбүр.