Спорт саласындағы жауапты істі болды. Балабақша меңгерушісінің орнын сатпақ болған Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Бекбатыр Құнанбаев Әл Фараби аудандық сотында айыпталушы ретінде жауап берді. Оған Қазақстанның қылмыстық кодексінің 177-бабының 3 бөлігі, яғни, алаяқтыққа барғаны үшін айып тағылды.
Құнанбаевтің тікелей басшысы Құралбек Өкшебаев өз орынбасарының сотты болғанын соңғылардың бірі болып естіпті. Үлгілі қызметкерінің мұндай қылыққа барғанынан сенгісі де келмейді. 10 жыл бойы спорт саласында еңбек сіңірген маманын мақтап та отыр.
Айыпталушының әріптестері басшының сөзін растайды. Ол біреудің алдауына түсіп қалған дейді барлығы.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Qg9HTTfpASI[/youtube]
Алайда, Әл Фараби аудандық соты Бекбатыр Құнанбаевты кінәлі деп танып, 3 жыл бас бостандығынан айырды. Айыпты енді жазасын шартты түрде өтейді.