1 литір су 4,7 тиынға қымбатады

Шымкентте ауыз судың бағасы 6 теңге 67 тиынға қымбаттады. Бұл туралы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директорының экономика жөнiндегi орынбасары Жанатбек Тұрдалиев мәлім етті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0Z5HKTVKqYU[/youtube]

Осылайша былтыр ауыз судың бiр текше метрi орта есеппен 46 теңге 81 тиыннан төлеп келсек, енді 53 теңге 48 тиыннан есеп айырысамыз. Ал кәрiз жүйесi қызметiнің бағасы 18 теңгеден 21 теңгеге өскен.

Тағы бір ескеретін тұс – табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң талабына сәйкес, биылдан бастап ауызсу мен кәрiз жүйесiне қатысты дифференциялды тарифтер күшiн жойған.

1 литір су 4,7 тиынға қымбатады

Жанатбек Турдалиев, «Су ресурсаты-Маркетинг» ЖШС бас директорының экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары: «Кеңес Үкіметі ыдырағалы су құбырлары кең ауқымда ауыстырылмаған. 747 шақырым тозған құбыр бар. Одан бөлек 7 шақырым кәріз жүйесі ауыстыруды қажет етеді. Қаланың кеңейуіне байланысты шайынды су қондырғысының қуатын 50 мың шаршы метрге арттыруымыз керек. Әйтпесе жаңа кәріз жүйелерінің қосылуымен оның қуаты жетпейді.»