Түлкібаста жаңа жыл қарсаңында 24 отбасы баспаналы болды

361

Түлкібас ауданында екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 24 отбасы баспаналы болды. «Қолжетімді баспана ‒ 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлердегі пәтер кілттерін иелеріне аудан әкімі Қ.Абдуалиев табыстады. Баспаналы болғандардың санатында аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жетім балалар және көп балалы отбасылар бар.

Састөбе елдімекенінде қараусыз қалған екі қабатты үй қайта жаңғыртудан өтіп, сегіз отбасы қоныстанды. Құрылысын мердігер «Ферротекс» ЖШС жүргізген тұрғын үйге облыстық бюджеттен 53 миллион теңгеден астам қаржые бөлініп, толығымен игерілді.

Ал Түлкібас елдімекенінде салынған жаңа үйден 16 отбасы пәтер алды. Мемлекет қазынасынан қаржыландырылған нысанға 158 млн. 974 мың теңге бөлініп, құрылысын мердігер «Шах-2030» ЖШС жүргізді.

Ауданда жалпы 922 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Келер жылы Т.Рысқұлов елдімекенінде 100 пәтерлі үй салынады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Майтөбе ауылында күрделі жөндеуден өткен 400 орындық мәдениет үйі мен Балықты ауылдық округіне қарасты Абай ауылында 120 орындық клуб ел игілігіне берілді.

Түлкібастықтардың қуанышымен бөлісе келген облыстық мәслихаттың депутаты К.Жартыбаев пен аудан әкімі Қ.Абдуалиев тұрғындарды жаңа жылдық мерекемен құттықтап, 2015 жыл әрбір отбасыға бақ пен береке алып келсін деген тілек білдірді.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі