Таңдандырған қонақ үй

Газетіміздің «Бір күн» айдарын басшылыққа алып, айтулы нысанның тыныс-тіршілігімен етене танысқанда там-тұмдап алған ақпаратымыз мынау болды:

Бүгінде қонақ үйде 260 адам жұмыс істейді. Басым көпшілігі – жергілікті тұрғындар. Қызметкерлер шетелдік мамандардан дәріс алуда. Өйткені қонақү йде әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсету талабы жоғары.

Мұнда екі мейрамхана жұмыс істейді. «Olivia» мейрамханасында итальяндық аспаздар тіл үйірер тағамдарын ұсынса, «Kazakhasia» мейрамханасынан оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм тата аласыз. Сондай-ақ, «Khadisha» кондитерінде тәттілер дайындалады.

Қонақ үйде конференция және фитнес залдары, хауыз, СПА орталық пен массаж кабинеті жұмыс істейді.

12 қабатты қонақ үйдің алты категорияға бөлінген 177 бөлмесі бар. Олар: стандартты, люкс, отбасылық люкс, салтанатты люкс, патшалық люкс, президенттік люкс.

АНЫҚТАМА:

ҚОНАҚ ҮЙ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Серікжан Сейтжанұлы – 1949 жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Саутс-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті.

ҒИМАРАТТЫҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ: 

Суатбей Мырза

БАС ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ: 

Юрий Кирпичкин

ПРЕЗИДЕНТТІК ЛЮКС

Қазақстан бойынша ең үлкен президенттік нөмір. Аумағы – 450 шаршы метр. Онда екі адамға арналған кереует, басқа да жиһаздармен жабдықталған үш жатын бөлмесі, жұмыс кабинеті, асхана, қонақ, жуынатын бөлмелері бар. Сонымен қатар президенттік нөмірде балкон арқылы қаланы тамашалауға болады.

ПАТШАЛЫҚ ЛЮКС

Тынығуға арналған төрт бөлме, бір жұмыс кабинеті, екі жуынатын бөлмеден тұрады.

САЛТАНАТТЫ ЛЮКС

Екі жатын және жуынатын, қонақтарды қабылдауға арналған бір бөлме бар. Салтанатты люкстің аумағы – 172 шаршы метр.

ОТБАСЫЛЫҚ ЛЮКС

Аумағы – 93 шаршы метр. Екі жатын бөлме, екі жуынатын бөлмесі бар.

ЛЮКС

Аты айтып тұрғандай, люкс нөмірде жатын және жуынатын бөлмемен қатар теледидар көру, қонақ қабылдау жағдайлары да қарастырылған. Нөмірдің аумағы – 61 шаршы метр.

СТАНДАРТТЫ НӨМІР

Мұнда жатын бөлмемен қатар шағын бар, жуыну бөлмесі мен өзге де қажеттіліктер қарастырылған. Аумағы – 35 шаршы метр. Айта кетейік, стандартты нөмірдің бір және екі адамға арналған түрлері бар.

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

«Оңтүстік Рабат», №1, 07.01.2015