Кеше таңғы сағаттар төрттер шамасында Қабанбай батыр көшесіндегі жылу құбыры жарылуы салдарынан қаладағы 148 үй, 4 балабақша, 2 мекеме, 1 жедел жәрдем бекеті, 5 мектеп жылусыз қалған болатын.
Әл Фараби және Абай ауданындағы құбырлардың ақауы түнгі сағат 24:00-де жөнделіп, қайта жылуға қосу жұмыстары жасалып жатыр. Күннің соңына дейін толығымен жылумен қамтылады деп уәде берді мамандар. Қаланың оңтүстік бөлігіндегі екі сорғы да іске қосылды.