Коммуналдық қызмет жүйесінде ақау орын алса, хабарласыңыз…

204

Алдағы демалыс күндері коммуналдық қызмет жүйесінде қандай да ақау немесе апатты жағдай орын алса, кемшіліктерді реттеу үшін арнайы мекемелер күшейтілген кестеде жұмыс атқаратындығын хабарлаймыз.

Егер, келеңсіз жағдайлар орын алатын болса, төменде көрсетілген диспетчерлік байланыс номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз!

АУЫЗ СУ бойынша кемшіліктер орын алса, су беруші мекемелер «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК және «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-гі тарапынан шұғыл шара көріледі.

Диспетчерлік қызмет: +7708 110 21 21; 8 (7252) -39-12-74
+7707 819 86 81; 8 (7252) -47-61-82

ЭЛЕКТР желілерінде орын алған апатты жағдайларды жою үшін 4 ауданда «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен 11 апаттық бригадасы, 46 арнайы техника, 2 зерттеу лабораториясы ұйымдастырылды. Апатты бригадалар қажетті жабдықтармен, материалдармен жабдықталған. «ОңтүстікЖарықТранзит» электр қуатымен қамту бойынша диспетчерлік қызметі:

Шымкент қалалық ЭЖ – 8 (7252) 35-39-85
Абай учаскесі – 8 (7252) 35-74-48
Әл-Фараби учаскесі – 8 (7252) 53-53-65
Еңбекші учаскесі – 8 (7252) 57-56-38
Қала маңы учаскесі -8 (7252) 55-30-11

ГАЗ құбырында орын алған олқылықтармен «ҚазтранГаз Аймақ» АҚ ШӨФ тарапынан 5 жауапты маман кезекшілік кестесі бойынша жұмыс жасайтын болады. Егер, табиғи газ қысымында немесе газ құбырында қандай да бір апатты жағдай орын алса 104 авариялық газ қызметіне қоңырау шалыңыздар!

ЖЫЛУ қуатын тұтынушылар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарды, жылу нысандары мен желілерінде орын алған ақауларды уақытылы және сапалы қалпына келтіру мақсатында 4 апаттық бригада арнайы техникамен жұмыс атқарады. Мереке күндерінде «3-Энергоорталық» АҚ-ы және «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы тарапынан жуапты мамандар бекітілген кесте бойынша жұмыс жасайтындығын назарларыңызға жеткіземіз.

Диспетчерлік қызмет: 8 (7252) – 44-81-89;
8 (7252) – 50-30-50;
8 (7252) – 44-82-37

Қаланың орталық көшелерінің САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҒЫМЕН 5 арнайы мамандандырылған мекеме жұмыс жасайтындығын назарларыңызға жеткіземіз. Алдағы мереке күндері келеңсіз жағдайлар орын алса, төменде көрсетілген байланыс номеріне хабарласыңыз:

Диспетчерлік қызмет: +7 (775) 853-33-57;
8 (7252) – 56-16-01.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі