Көліктердің де жүруі қиынға соғып тұр

Белшеден  балшық кешкен қайтпастықтар дабыл қағуда. Мұхтар Оразалиев көшесінің тұрғындары көшелерінің көлге айналғанын айтып шағымданды. Айтуларынша, үйлеріне кіріп-шығудың өзі мұңға айналған.

Балшыққа былғанған бала-шаға
Балшыққа былғанған бала-шаға

Аманхан Айдаровтың күні осылай басталады. Немерелерін көшеден көтеріп өткізеді. Өйткені бұл көшемен бала түгілі, үлкендердің жүріп-тұруы қиын. Қысы-жазы ойдым-ойдым шұқырлар судан арылған емес дейді ол.»Біздің көрген күнімізді өзгенің басына бермесін, бала-шаға қиналып кетті. Мына көшенің ой-шұңқыры шаршатты. Бармаған жеріміз жоқ деп қосты»-ол.

Көліктердің де жүруі қиынға соғып тұр
Көліктердің де жүруі қиынға соғып тұр

Мұндағы ағайынның қоныс тепкендеріне 10 жылдан асқан. Тас көшелерінен үздіксіз жүрген жүк көліктері осындай жағдайға түсірді деп отыр. Салдарынан, көше қырық тесікке айналып, шұңқырға жиналған су көлшікке айналыпты.

Көшелердің бүгінгі сыйқы
Көшелердің бүгінгі сыйқы

Ал коммуналдық сала мамандары, бұл мәселемен таныс. Арыз түскелі бері, көшенің жайымен арнайы танысқан. Биыл көктемде жөндеу жұмыстары жүреді деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WCoVlcljqtI[/youtube]

Ал оған дейін қайтпастықтар балшық көшеде жүруге мәжбүр. Аяқтарындағы сәнді етіктерін, резеңке бәтеңкеге ауыстыруларына тура келеді.