Шымкентте газдандыру жұмысы жалғасуда

307

Шымкент қаласында газдандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Қайтпас-1 шағынауданында 15 үйге табиғи газ қосылды. Сала мамандары елдімекенде тағы 36 тұрғын үй табиғи газға қосылуға дайын деп отыр.

брифинг

Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров мәлім етті. Сондай-ақ Солтүстік-Батыс шағынауданындағы 2500-ден аса үйді газ жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр. Сала мамандары бүгінде 4 көшенің тұрғындары көгілдір газға қол жеткізді дейді.

Ал мемлекет жарығын қайтпастықтар келер жылы тұтына алады. Қазір елдімекенде электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс 2016 жылы аяқталады. Сала мамандарының сөзіне сенсек, қалалақтарды жарықпен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.