Жаңа жол ауылдық округінде 20 жастағы жігіт өзінің 5 жасар інісін тұншықтырып өлтірген. Бұл туралы облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Файзулла Тұрымов мәлімдеді.
Қайғылы жағдай Мақтаарал ауданында тіркелген. Қазіргі таңда осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, оған сот-психологиялық сараптама тағайындалған. Сол сараптамадан өту үшін күдікті Алматыға жеткізілді.
«Сараптама нәтижесіне сәйкес процессуалды шешім қабылданады. Ал оған дейін дәл қазір қолын қанға былғаған жігіттің ақыл-есі туралы ештеңе айта алмаймыз» деді прокурор.