Шымкентте үйлері өртеніп кеткен 8 отбасына бюджеттен қаражат бөлінді. Жалпы соммасы 69 млн. теңгеге азаматтарға пәтер сатып алынбақ. Еске салайық, қақаған қыста Ақназархан көшесі №62 үйде болған жарылыстан 8 отбасы жапа шеккен болатын.
Енді мемлекеттік сатып алудың нәтижесі белгілі болып, мердігер анықталса, пәтермен қамту жұмысы басталмақ. Әзірге 8 отбасына әкімдіктің қызметкерлері мен демеушілердің көмегі көрсетілуде. Қоғамдық ұйымдар мен мешіттер де құр қарап отырған жоқ. Олар әр отбасына екі кілемнен табыс етіпті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=F9QgWuyluCo[/youtube]
Ал ішкі істер органының мамандары жанып кеткен құжаттарды тезірек қалпына келтіруге жәрдемдесуде. Сондай-ақ, Бадам тұрғын үй алабындағы үйі өртенген үш балалы отбасы да Мотор көшесіндегі жатаққанаға орналастырды.