Бүгін «Бейнелеу өнер» мұражайында алғашқы көрмелер ашылып, көпшілік назарына ұсыныла бастады. Мәдени мекеме көрменің төрін қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған. Мұражай Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына да құттықтау-картиналар іліп, «Достық» көрме -залымен толығып отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DnMGIHO9p2c[/youtube]
Мұражайға енісімен, ең алдымен»Достық» картиналарын көзіңіз шалады. Қазақстан халқы Ассамблеясы атты жаңа көрмедегі әрбір туынды бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай ғұмыр кешкен отандастырымздың татулығынан сыр шертеді. Келесі Үлкен залға жайғасқан «Аманат» бөлімінде қазақ хандығының 550 жылдығына арналған туынылар қойылған. Керей мен Жәнібектің билік құрған жылдары , ондағы халықтың төл тұрмысы суретшілердің қаламынан көрініс тауыпты. Белгілі қолөнерші Әнуарбек Айдосовтың да мұнда шежіреге толы еңбегі ілінген.
Әнуарбек Айдосов, ҚР мәдениет және өнер қайраткері, қолөнерші: «Бүгін ерекше бір қолөнер еңбегімді әкеліп қойдым көрмеге. «Ордабасы» деп аталады. Себебі біздің 3 биіміз осы Ордабасыда бас қосып, елдің мәселесін шешкен. Татулығын нығайтып, барлық той-жиынды да осында талқылаған».
Ал үшінші залда белгілі қолтаңбасы бар суретшілердің көзіндей сақталған тұщымды туындылар бар. Яғни, бүгінге дейін еш жерде жарық көрмей, қорда жатқан 1939 жылдан бергі түпнұсқа картиналар топтастырылыпты. Көрменің төрінен қазақтың алғашқы суретшілерінің бірі Әубәкір Исмаиловтың еңбегі орын алды. «Жас шопандар» атты құнды туынды осыдан 6 жыл бұрын облыстық»Көркемсурет» галереясына тапсырылған.
Көпшілік мәдени нысанның қорындағы осынау қылқалам шеберлерінің еңбектерін тамашлау үшін арнайы келген. Мұражай басшылығының айтуынша, оларды жинастырудың өзі оңайға соқпаған.
Айнабек Оспанов, Облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры: «Аз уақытта жиналған жоқ. Бұлардың барлығы да түрлі бейнелеу өнері байқауларын өткізіп, сол сайыс жеңімпаздарының еңбектерінен жиналған. Түрлі іс-шаралар өткіздік, міне соның нәтижесінде 755 картина жиналды».
Ал облыстық «Бейнелеу өнер» мұражайының алғашқы көрмесіне оның 300-ге тарта туындысы қойылған. айта кетейік, тарихи көрме әлі бірнеше ай бойы көпшұілік назарына ұсынылмақ.