Болашағы бұлыңғыр ауыл

632
Бірлік ауылында медпункт жоқ

Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылы көш соңында келеді. Ауылдың әлеуметтік ақауалы төмен, инфрақұрылым да қаралмаған. Медициналық тірек пен кітапхана ұжымы баспана жалдап отырады. Ауылда екі қолға бір күрек табу да қиынның қиыны.

Бірлік ауылында медпункт жоқ
Бірлік ауылында медпункт жоқ

Бірлік ауылының бағзы тұрғыны Тұрсынәлі Кемелбеков елдімекеннің тарихын жыр қып айтады. Кеңес тұсында әлеуетті колхоз болған ауыл тоқырау жылдардан бері тығырыққа тірелген. Мектептің де сыйқы мынау. Проблемасы шаш еткен келеді. Мәдениет үйі жоқ. Жарық пен ауыз су мәселесі әлі күнге шешімін таба алмай келеді.

Тұрсынәлі Кемелбеков, Бірлік ауылының тұрғыны: «Ауылымыз өте ескерусіз қалған ауыл болды. Ауыл арасында жол нашар, жарық нашар, су мәселесе нашар. Осы мәселер отырған халықтың басты мәселесі болды.  Осындағы адамдар есігінің алдында егін егіп, содан өнім ала алмай отыр. Неге десеңіз, су жетпей жатыр бізге».

Ауылдың жарық жүйесі тозып кеткен
Ауылдың жарық жүйесі тозып кеткен

Медициналық тіректі мамандардың апатты жағдайда деп танығаны қашан. Қабырғасы қарс айрлыпы, іргетасы сөгілген. Ал дәрігер көршінің бір бөлмесін жалға алған.Басы аурлып, балтыры сыздаған науқасқа орталықтан жедел-жәрдем келмейді дейді тұрғындар.

Мұнда жарық өткен ғасырдың алпысыншы жылдары тартылған. Содан бері электр бағаналары жөндеу көрмей әне-міне құлағалы тұр. Үп еткен жел тұрмаса деп тілейді халық. Ал тас жол тек жалғыз көшеге салынған. Жауынды-шашынды ауар райында оқушылар батпаққа батып, қатынастан қиналады.

Ауылдықтардың ақуалына жергілікті билік те қанық. Қысқа жіп күрмеуге келмесе, қолддан келер шара қайсы. Шекенуніктер биыл мектепке барар жолды жөнедеуге ғана қауқарлы.

Әділбек Садырмек, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары: «Биылғы жылы жері шешілді, медпункт салынатын, 2015 жылы жобалық сематалық құжаттарын жасасақ, 2016 жылы ФАП салынады деген жоспар бар».

Мұңын шаққан халықтың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Әкімнің ауылдан хабар алмағаны ел сенімін арқалап кеткен халық қалаулыларының төбе көрсетпегелі қашан.