Шымкентте екі баланы көкала қойдай етіп сабап тастаған күтуші уақытша тергеу абақтысына қамалды. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген балалардың бірі – 5 жасар қыз ауыр бас-ми жарақатын алған. Ал 2 жасар ұл баланың миы шайқалған.
Анасы бүлдіршіндерді күтушінің үйінде қалдырып, ай сайын қызмет ақысын төлеуге келіскен. Соңғы рет кездескенде балалардың денесінің көгергенін байқаған. Алайда, аса мән бермепті. Анасы аманат етіп тастап кеткен балаларды аямай соққыға жыққан күтуші қазір қамауға алынып отыр.
Прокурорлық тексерулерден кейін күдіктіге қатысты сот-психиатриалық сараптама жасалады. Айта кетейік, бұл – Шымкентте тіркелген аяусыз соққыға жығылған балаларға қатысты екінші оқиға. Осыған дейін күңдікке салынған келіншектің 6 жасар ұлы жәбірленген болатын.