Дәстүрге айналған сайысқа ақылына көркі сай 18 қыз іріктеуге келген. Әрине, оның жартысы ғана ақтық мәреге жолдама алады. Аздаған уақыттың аралығында қыздар байқауға толықтай дайын болулары шарт. Финалдық бәсеке 3 кезеңнен құралған: таныстыру, өз өнерін көрсету сондай-ақ, дефиле.
Шараның басты мақсаты қыздар арасындағы жойылып бара жатқан инабаттылық, ибалылық, сұлулық қасиеттерді насихаттау. Қолынан өнері тамған, жүзінен шуақ шашқан қыздардың ақтық бәсекесін 5-ші наурыз күні қала жұртшылығы тамашалай алады.