Мәделі қожа көшесінде жол апаты жиі орын алуда

267

Мәделі қожа көшесінде жасанды жол кедергілері орнатылмаған. Соның салдарынан мұнда жаяу жүргіншілердің қатысымен жол-көлік оқиғасы жиі орын алуда. Халыққа қызмет көрсету орталығының алдына тұрақтаған такси жүргізушелері осы мәселені алға тартып, редакциямызға арнайы келді.

Жолдың екі жағынан орнатылған жүргіншілерге арналған белгіні бір жүргізуші елесе, енді бірі көзге де ілмейді. Бұл маңайға тұрақтаған такси жүргізушілері осыған дейін бірнеше апатты оқиғаның куәсі болдық дейді.

Жаяу жүргіншілер бұл жолдан жанын шүберекке түйіп әрең өтеді. Белгілерді ескермей, жүйтки жөнелетін жүргізушелерге өкпелері қара қазандай.

Былтыр Мәделі қожа көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сала мамандары жол белгілерін айқындау жұмыстарын ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7xszYgN_c8s[/youtube]

Арнайы комиссия жөнделген көшені мамыр айында қабылдап алады. Сала мамандары уақытынан бұрын пайдалануға берілген жолдың кейбір кемшіліктерін ретке келтіруге уәде берді.