Оңтүстік Қазақстан облысының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу ұсынысын қолдады. Тіпті сайлаудың уақыты әлі белгіленбесе де оған қатысатындарын айтып, саяси амбицияларын білдіріп жатыр.
Облыстық ардагерлер үйінде жиналған зиялы қауым өкілдері сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Бұл әлемдегі дағдарыс толқыны кезінде, еліміздің дамуына кедергісін келтірмей, діттеген мақсатына жетудің бірден-бір жолы екенін атап өтті.
Өңірге қарасты аудан-қалалардан жиналған ардагерлер Президент сайлауын 1 жыл ерте өткізу саяси партияларға жан бітіреді деген сенімде. Алда атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығын ескерген ардагерлер кеңесі егер сайлау бола қаласа, бірауыздан Елбасының өзін қайта сайлайтындарын да жасырмайды.