Сайлау күні Түркістан облысында 2 егіз дүниеге келді

Кезектен тыс Президенттік сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 90 нәресте дүниеге келді.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметіне сәйкес, 46 ер бала, 44 қыз, оның ішінде 2 егіз дүние есігін ашқан. Егіздердің бірі Қазығұрт ауданында, екіншісі Түлкібас ауданында туылған. Қазігі уақытта аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы.