Қарағандылық гандболшылар бір ойыншыға кем болса да жеңісті қолдан бермеуге тырысты

Шымкенттегі жоғары шеберлер спорт мектебінің ғимаратында өткен гандболдан ел чемпионатының бірінші тур ойындары аяқталды.

"Қазығұрт" (ОҚО) - Қарағанд, 27:19. Оңтүстіктің командасы алда.
«Қазығұрт» (ОҚО) – Қарағанд, 27:19. Оңтүстіктің командасы алда.

Әйелдер гандболынан жоғары лига командалары арасындағы республикалық сынақ оңтүстікте ұзақ уақыт бойы өтпеген болатын.  Халықаралық талаптарға сай спорт залының ашылғаны Шымкентте байрақты жарыстарды өткізуге мүмкіндік берді.

Ел чемпионатының бірінші турының соңғы кездесуі алаң қожайындарына оңай болмады
Ел чемпионатының бірінші турының соңғы кездесуі алаң қожайындарына оңай болмады

Әйелдер арасындағы республикалық сынаққа 10 команда қатысып отыр.  Осыған дейін ерлер арасында гандболдан жоғары лига командаларының чемпионаты өткен болатын. Бойжеткендер 5 күн бойында өзара чемпиондарын анықтады. 10 команданың арасында оңтүстіктің «Қазығұрт» клубы да бар. Бұл жолы жерлестеріміздің жолы болды. Алаң қожайындары 6 ойын өткізіп, оның 6-ында да жеңіске жете білді.  «Қазығұрттың» гандболшылары Астана, Алматы, Өскемен, Қызылорда және Астана-2 командаларымен бақ таласып, бірінші тур ойындарының соңғы күнінде қарағандылықтармен сынға түсті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YEaVuipmnzg[/youtube]

Қарағандылық гандболшылармен алаң қожайындары арасындағы матч бірінші минуттан бастап-ақ тартысты өтетіні байқалды. Ойынның бірінші минутында шахтерлар мекенінен келген қонақтар есепті ашса, келесі 60 секундтың ішінде оңтүстіктің командасы тараз басын теңестірді. Көп ұзамай жерлестеріміз есепті еселей түсті. Алайда, кездесудің бірінші жартысы қақпаға соғылған голға толы болды. Жеңісті қолдан бермеуге тырысқан қос команданың ойыншылары тең есеп сақтап келді. Оның үстіне, дөрекі әрекеті үшін қарағандылық бойжеткен қызыл карточкаға ие болып, алаңнан қуылды. Ал шымкенттік бойжеткен жарақатына байланысты тез арада ауыстырылды. Дегенмен, «Қазығұрт» клубының гандболшылары алға шыға алды. 27-19 есебімен жерлестеріміз облыс қоржынына тағы екі ұпай салды. Нәтижесінде, оңтүстіктің командасы бірінші тур ойындарының қорытындысы бойынша көш бастап келеді.

Қарағандылық гандболшылар бір ойыншыға кем болса да жеңісті қолдан бермеуге тырысты
Қарағандылық гандболшылар бір ойыншыға кем болса да жеңісті қолдан бермеуге тырысты

Жоғары лига командалары арасындағы ел чемпионатының екінші тур ойындары наурыз айында Алматы қаласына жоспарланған. Ендігі мақсат, оңтүстік астанада қоржынды тағы ұпайлармен толықтыру болып отыр.