Оңтүстіктің көлік иелері 32 миллион теңгеге 91 сәнді нөмір сатып алған

191
фото: //mgorod.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жоғары сұраныстағы 37 мемлекеттік тіркеу белгісі көлік иелеріне берілген. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Жол қозғалыс туралы» заңының 66-бабының 1-тармағына сай жүргізуші транспорт құралдарына кез келген цифрлі мемлекеттік тіркеу белгісін алуға құқылы. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында заңды және жеке тұлғалар жыл басынан бері жоғарғы сұраныстағы 37 тіркеу белгісін алды.

фото: //mgorod.kz
фото: //mgorod.kz

Заңды және жеке тұлғалар қызығушылық танытқан нөмірлер мыналар: 001, 002, 007, 003, 005, 009, 100, 111, 999, 200, 777, 888, 333 және 800. Аталмыш жоғарғы сұраныстағы тіркеу белгілерін сатудан мемлекеттің қазынасына түскен жалпы сомма 13 млн. 264 мың 024 теңгені құрайды.

Ал 2014 жылдың 2 айында ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасына қарасты тіркеу-емтихан бөлімінің мамандары тарапынан көлік иелеріне 54 нөмір беріп, мемлекеттік қазынаға түскен қаржы 18 млн. 249 мың 608 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу белгісін аламын деушілер ОҚО ІІД ӘПБ ТЭБ-на және халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сынды жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу белгілерінің бағасы 253 мың 724 теңгені құраса, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сынды мемлекеттік тіркеу белгілерін 422 мың 256 теңгеге сатып алуға болады.