Облыс әкіміне сауал жолдаңыз!

270

2015 жылдың 18-ақпаны күні сағат 11:00-де Шымкент қаласындағы «Түркістан» салтанат сарайында облыс әкімі Асқар Мырзахметов былтыр атқарылған жұмыстар жайлы халық алдында есеп береді.

003

Осыған орай өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде облыстық газет редакцияларына жолдауларыңызға немесе аудан, қала және ауылдық округ әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады.

Сондай-ақ, облыс әкімдігіндегі 39-23-77; 35-51-48 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, сауалдарыңызды қоюға болады. Бұған қоса akimgesaual@gmail.com электронды поштасына жазып жіберуге де мүмкіндік бар.

Тұрғындардан түскен талап-тілектерді іске асырудың іс-шаралар жоспары түзіліп, БАҚ беттерінде жарияланатын болады. Облыс әкімінің халық алдындағы есебі қарсаңында «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттерінде «Облыс әкімінің поштасына» айдары ашылып, облыс тұрғындарының ұсыныс-пікірлері жарияланып тұрмақ.

«Оңтүстік Қазақстан» газеті — 53-54-62;

«Южный Казахстан» газеті — 53-54-25.

Дереккөз: Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі