Түркістан облысында бөлшек сауда салығын төмендетуді талқылады

16

Биыл кәсіпкерлер жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңіне қатысады. Сондықтан Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес иелерінің басын қосып, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар биыл бөлшек сауда режимі үшін жаңа өзгерістер енбек. 

Түркістан облысында бөлшек сауда үшін төлетін салық 4 пайыздан 2 пайызға төмендеуі мүмкін. Бұл туралы кәсіпкерлік палатасында өткен жиында айтылды. Бұл шешімді жергілікті мәслихат депутаттары қабылдай алады. Ал 10 жылдан бері жеке кәсіппен айналысып жүрген Жеңіс Ескенов бұл өзгеріс кәсіпкерлерге тиімді болар еді дейді.

«Жаңа режим қолданылғалы отыр екен. Мөлшерлемені 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетеміз деп жатыр. Бұл керемет жаңалық. Қаншалықты төмен мөлшерлеме болған сайын біздер үшін тиімді болар еді» – дейді жеке кәсіпкер Жеңіс Ескенов. 

Бөлшек сауда салығы әр ауданда қабылданған шешімге сәйкес әрқалай болады. Және кәсіпкерлер биыл жалпыға ортақ декларацияға қатысады. Жауапты мамандар кездесу барысында олардың міндетін де түсіндіріп берді.

«Жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік субъектілері мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары 250 формалы есептілікті тапсыруы міндеттеліп отыр. Көп адамдар бар бізде табыс жоқ. Біз тапсырмай-ақ қойсақ болады дейтін. Ол қате ұғым. Бәріміз ҚР заңын орындауға міндеттіміз. Егер мұны орындамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-ке сай әкімшілік шара қолданылатынын ескертеміз» – дейді Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Мейрамбек Көкенов. 

Облыста қазір 200 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъекті бар. Оның ішінде басым бағыты ауыл шаруашылығына тиесілі. Ендің олар табысын көрсетуге міндетті болмақ.