Пушкин кітапханасы жаңа қонысқа жайғасты

673
кітапхана бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратына жайғасты

А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мекенжайы ауысты. Анығырақ айтсақ, кітапхана енді бұрынғы облыстық тарихи өлкетану мұражайының ғимаратында болады. Ұжым бұған дейін жалдамалы ғимаратта оқырмандарына қызмет етіп келсе, енді өздеріне тиесілі нысанға жайғасты. 38 жыл бұрын бой көтерген нысан алғашында сауда нүктелерінің біріне ыңғайластырып салынған болатын. Енді мұнда оқырман үшін бар жағдай жасалмақ.

кітапхана бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратына жайғасты
кітапхана бұрынғы тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратына жайғасты

Көшу-тасу аяқталғанымен, әзірге кітаптарды біртіндеп жайғастыру шаруалары атқарылып жатыр. Қоныстану жұмысына кітапхана қызметкерлері жұмылдырылған.

852
Венера Айымбетова, А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының меңгерушісі: «Қазір кітаптарды әліпби және салалар бойынша реттеп жатырмыз. Оларды сөре-сөрелерге қоюдан бұрын осындай майда-шүйде жұмыстар бар, оның өзі біраз уақытты алады».

851
Кітапханашылардың айтуынша, әзірге мекемеде мерзімдзі басылым және шет тілі әдебиеттері мен абонемент бөлімдері ғана реттеліп үлгерген. Бірақ соның өзінде жаңа нысанға іздеп келуші оқымандар қатары сейілер емес.

Роман Писменский
Роман Писменский

Роман Писменский, оқырман. «Бұрынғы мекен-жай бойынша кітап алуға барып едім, кітапхана көшіп кетті деді. Енді осында келіп, абонементке бұрынғы кітаптарды өткіздім. Оқуға тағы да тарихи кітаптарды сұрап алдым. Жаңа мекен жай маған ыңғайлы болып шықты, орталықта, және менің үйім де осы маңда».
Еске салайық, А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы бұған дейін Тәуке хан және Республика даңғылдарының қиылысындағы көпке белгілі ғимаратты 15 жыл уақыттан бері жалға алып келген. Ол үшін жылына 20 миллион теңгеден астам қаржы төленіп келіпті. Енді ұжым өздеріне тиесілі нысанды реттеп жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lLGZ-tJcKlk[/youtube]

Шәрбану Динасілова, А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры: «Кітапханада оқырмандар үшін а қолайлы жағдайлар өте көп, ең бастысы жарық, бөлмелері кең, жылы. Ал келесі біздің  жетістігіміз — ол кітапқорының 80 пайызға жуығы ашық енді ашық түрде, дәлірек айтсам, оқырман  сөрелерді аралап жүріп, өзінің қалаған кітаптарын ала алады».

оқу залы
оқу залы
абонемент бөлімі
абонемент бөлімі

848

шет тілі әдебиеттері бөлімі
шет тілі әдебиеттері бөлімі


Жаңа нысанда оқу залы, абонемент, интернет класс сынды бөлімдер 1-наурыздан бастап қызмет көрсетеді деп күтілуде. Айта өтейік, бүгінде Кітапханада бас-аяғы — 300 мың кітапқоры бар. Оның 50 мыңы — көркем әдебиет, ал қалған бөлігі — салалық кітаптар мен мерзімді басылымдар. Және 5000-ға тарта оқулық электронды жинақтар еншісінде.