Бүгін белгілі болғандай, Сарыағаш ауданындағы адам өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары аяқталды. Іс толықтай зерттеліп, зерделеніп, сотқа өтті.
Еске салайық, 4 ақпанда аудандағы екі азаматтың арасында туындаған тұрмыстық даудың салдарынан бір адам көз жұмған болатын. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Бостандық ауылының тұрғыны Навмидин Нарметов ұсталғанда. Қылмыстық істі ҚР ІІМ құрылған арнайы топ айналысты.