10-ақпан күні Шымкентте жаңа әмбебап дүкен ашылды. Денсаулық супермаркетін ашудың салтанатты шарасына шаһар басшылығы мен қала тұрғындары қатысты. Алғашқы күннің өзінде дүкенге ағылған ағайынның қарасы қалың.

"Бірінші денсаулық"
«Бірінші денсаулық»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BHnXZrWqmF4[/youtube]

Сауда орнының ерекшелігі — мұнда азық-түлік өнімдері ғана емес, денсаулыққа қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық қондырғылар да саудалануда. Дүкен басшылығы әйелдер қауымын да ұмыт қалдырмапты. Нәзік жандылар үшін брендтік косметикалық өнімдерін сауда сөрелерінен таба аласыз.

Дүкен құрметіне әзірленген тәтті нан тұрғындарға үлестірілді

балаларға арналған ойыншықтар

сауда сөрелері

IMG_7182

Қыз-келіншектерге емдік қасиеті бар косметикалық өнімдер ұсынылуда

нан өнімдері