Шымкенттегі сапалы жақтаулар кәсіпорны өндіріс ауқымын кеңейтпек

490

Шымкентте шығарылатын есік-терезенің жақтаулары тек 100 градус ыстыққа ғана емес, — 40 градустан асатын аязға да төтеп береді. Ондай жақтаманы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында бой көтерген кәсіпорын шығарып жатыр. Бұл туралы 24.kz порталы хабарлайды.

001

Поливинилхлорид профиль жасайтын жабдықтар мен оған керекті шикізат Еуропадан әкелінген. Бақыт Маханбетова басқаратын зертхананың жұмысы кәсіпорын шығарып жатқан өнімінің өтімділігіне тікелей ықпал етеді.

002

Нарықта есік-терезенің жақтауын жасайтын профиль ұсынып жатқан фирма көп. Көбісі — шетелдікі. Ал сапасы мен бағасы әртүрлі. Темірдің салмағы — 1 келі. Ол 1,5 метр биіктен түскенде 40 градуста суытылған профиль сынбауы керек.

003

Кәсіпорынның былтыр шығарған 7 мың тоннадан асқан түрлі өнімін өзіміздің құрылыс компанияларымыз сатып алған екен. Биыл 12 мың тоннадан асатын профиль шығармақ. Қазақстанның 7 қаласында өкілдіктері бар. Сапасына көзі жеткен құрылысшылардан сұраныс артыпты.

004

Кәсіпорынның бар жабдығы Еуропадан алынған. Былтыр 4 желі өнім шығарып еді. Кейін оған екеу қосылды. Жазғы науқан басталар алдында тағы екі желі дайындап қойыпты. Шикізаттың қоры жетеді. Есік, терезенің жақтауларын жасайтын поливинилхлорид профильдерін ақ ұнтақтан жасайды. Құрамындағы 7 түрлі затты арнайы диірменде араластырып, станокта ыстық өңдеуден өткеннен кейін сапалы профильге айналады. 150 адам еңбек ететін кәсіпорын жазға қарай өндіріс көлемін арттырып, тағы да жұмыс орындарын ашпақ.

Дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі