Облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов бүгін судьялар жұмысына наразы бірнеше азаматты қабылдады. Шағым айтып келушілердің мәселелері негізінен жер, мүлік дауы мен қарыз өндіру турасында болды.
Әділет іздеп келгендерді зейін қойып тыңдаған төраға әрбір іс өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді. Бұл күні жеке қабылдауға 8 азамат арнайы келіп, сот қызметкерлеріне қатысты арыз-шағымдарын жеткізді.
Айта кетейік, сот төрағасы былтыр түрлі мәселелермен жүгіріп жүрген 500 азаматты қабылдапты. Облыстық сот төрағасы әр сейсенбіде азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді.