«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы Шымкентте қоғамдық қабылдау өткізді

438
қабылдау кезі

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы бүгін Шымкент қаласында қоғамдық қабылдау өткізді.

Шалғай аудандардан келген өңіріміздің тұрғындарын облыс әкімдігіне қарасты 22 басқарманың басшылары қабылдады. Отырар, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара аудандарынан Шымшаһарға жеткендер ауылдарында ауыз су, жол,  газдандыру мәселелерінен бөлек әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты арыздарын жеткізді.

Көшбасшы партия халыққа ыңғайлы болу үшін қоғамдық қабылдауды Шымкенттен бөлек аудандарда көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді жалғастырмақ.

Пернехан Нысанбаев, Отырар ауданының тұрғыны

Пернехан Нысанбаев, Отырар ауданының тұрғыны: «Біз Сарыкөл деген ауылдан келдік. Бізге көпір салып беріңіздер, бұрынғы  құбырлар жарамайды, тозығы жеткен. Осында қабылдау жүргізген мамандар бізді  тыңдап, мәселемізді шешіп береміз деп уәде берді. Қанағаттандық. Рахмет.»

Шынар Оразова