Тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер барлық базардың маңында сатылуда. Тонналап әкелсе де, тұрғындар бірнеше сағаттың ішінде талап кетеді. Өйткені бағасы арзан. Әсіресе, зейнеткерлер әлеуметтік тауардың сапасы мен қалта көтерерлік бағасына дән риза.
Ақпан айынан бастап, картоп пен сәбіздің келісі -60 теңге дейін түсті. Бірақ, өзге тауарлардың бағасы бірқалыпта. Сонымен саралайық, картоптың келісі- 65, бірінші сұрыпты бір келі ұнның бағасы -66 теңгеден саудалануда. Ал құмшекердің келісі- 155, ал макарон өнімдері 125 теңгеден сатылып жатыр. Кім қанша аламын десе де, өз еркі.
Тұрақтандыру қорының әлеуметтік тауарлары қаладағы 12 базар мен, 4 сауда орталығында, екі әлеуметтік дүкендерде бар. Азық-түлік тиілген жүу көліктері базар маңына келгелі, алып-сатарлардың жолы кесіліпті. Бағаны қолдан көтерушілердің де жолы болмай жүр дейді қалалықтар.
Әлеуметтік тауарлардың сатылым барысын тұрақтандыру қорының мамандары арнайы қадағалайды. «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қоймасы бірінші қажетті деген өнімдерге лық толы. Мұндағы азық-түліктер өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, сатылуда.
Мамандардың айтуынша, қордағы өнімдер, көкөністердің жаңа түсіміне дейін жетеді. Сондықтан да, алдағы күндері азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне жол жоқ.