Өнімдерін алыпсатарға сататын дихандар бар

405

Шымкентте сенбі сайын өтетін жәрмеңке ұдайы ұйымдастырылуда. Сатушылар таңсәріден Әл Фараби алаңына жиналады. Тіпті, түнгі сағат үш-төртте келетін диқандар да бар. Мұндағы мақсат – жайлы орынға жайғасу ғана емес, өнімдерін алыпсатарларға бірінші болып өткізу. Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылынан келген Клара Құлтаева қарапайым халықты емес, көтерме бағада қаптап алатын сатушыларды күтіп тұрғанын жасырмады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PwSQBGBPEb4[/youtube]

Клара Құлтаева, сатушы: «Картошканың келісін 50 теңгеден алып келдік. Қазір көтерме бағада алатын саудагерлер бар, соларды күтіп тұрмын. Келіп қалады. Солардан қалғанын килограмдап сатып кетемін.»

IMG_3841

Мұндай мақсатта келген – жалғыз қазығұрттық дихан емес. Қызанақ пен қиярын, баклажаны мен тәтті бұрышын арқалай келгендер өте көп. Олар үшін күні бойы көкөністі арзан бағада, келілеп сатқаннан гөрі, көтерме бағада алыпсатарларға өтікізіп кеткен тиімді көрінеді.

Дегенмен, өзі өсірген өнімін өзі саудалайтындары да бар. Зейнет жасындағы Гүлнәр Қарақұлова Қасқасудан дәмі тіл үйрер алмасы мен жүзімін арқалай келіпті. Базардағы бағадан 30-40 пайызға арзан сатпақ.

Гүлнәр Қарақұлова, сатушы: «Сағат бесте келдім. Қорапшалап сатпаймын. Тек келілеп сатамын. Орын алып, заттарымды жайғастыру үшін ерте келемін.»

Қарапайым халық үшін өткізілетін жәрмеңкенің біз білмейтін қырлары көп болып шықты. Мұны жауаптылардан сұрамақ та болдық. Бірақ сырт айнала қашқан олардан қандай да бір жауап алу мүмкін болмады. Түйгеніміз – тұрғындардың шағымының жаны бар секілді. Себебі олар ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей диқандардан емес, алыпсатарлардан саудалап жүргендеріне күдіктенген болатын.