Шымкентте пойыз апатына қатысты сотта қаралып жатқан қылмыстық іс қысқартылды. Осыған сәйкес «қателікке жол берді» деген күдікке ілінген беc бірдей теміржолшы маманға тағылған қылмыстық айып алынып тасталды.
Бұл туралы аймақтағы көлік прокурорының аға көмекшісі Махмұт Отан мәлімдеді. Еске салайық, 58 вагоны бар жүк пойызы өткен жылдың 5 мамырында аударылған болатын. Құлаған 29 вагонда құрылыс заттары мен астықтан бөлек күкірт қышқылы тиелгендері де болды. Соның үшеуіне зақым келген болатын.
Осы апатқа байланысты 2015 жылдың қаңтар айында сот басталған еді. Бес адамға айып тағылған. Олар — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарастына қарасты «Шымкент жол дистанциясы» филиалының директоры, бас инженері, учаске бастығы, жол бригадирі және жол шебері.
Енді сот тоқталған соң іс азаматтық тәртіпте қаралуы мүмкін.