Оқыс оқиға 

Шымкент маңында жүк пойызы апатқа ұшырады (видео)

Мамырдың 5-і күні Шымкент теміржол бөлімшесінің Қара су – Бадам қума жолында жүк тиелген 29 вагон шойынжолдан шығып, апатқа ұшырады. Соның салдарынан телімде жол қозғалысы толығымен тоқтатылды. Аударылып кеткен вагондардағы қүкірт қышқылынан жергілікті тұрғындар уланбауы үшін жедел түрде басқа жаққа көшірілген.

000

Оқиға сағат кешкі 17:30-дар шамасында, Көкбұлақ ауылы маңында болды. Мұнда жүк пойызы белгісіз себептермен аударылып, теміржолдан шығып кеткен. Осыған байланысты Оңтүстік өңірінен өтетін барлық пойыздар тоқтатылады. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Серік Қаныбеков, облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Путейко бастаған құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері келді.

Шудан Арысқа бет алған жүк пойызының аударылып кеткен 29 вагонының 8-не күкірт қышқылы, 17-сіне құрлыс материалдары артылған екен. Екі контейнер, 1 вагон бидай, тағы біріне тәтті сусындар тиелген. Апат салдарынан 150 метр теміржол зақымданған, 4 тірек байланыс желісі үзілген. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Экологтар апат маңына алғашқылардың бірі болып келді.

Әбілқасым Бөртебаев, эколог: “Қазір біздің бірінші мақсатымыз – апат орын алған жерді залалсыздандыру. Бұл – бірінші кезектегі міндетіміз. Осындағы тұрығындарға зияны тимеуі керек. Мұнда күкір қышқылы төгілген.”

Шойынжолдан шығып кеткен вагондардың үшеуінен күкірт қышқылы төлігіп кетті. Оның қаншалықты зиян екенін эколог маман айта алмады. Сонда да болса сақтық үшін осы аумаққа жақын тұратын Көкбұлақ ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өйткені, күкірт қышқылы адам денсаулығына қауіп туғызуы мүмкін.

Теміржолды қалпына келтіру үшін 360-қа жуық жауапты құрылымының мамандары мен 30 арнайы техника жұмылдырылды. Осы жерде жедел штаб құрылып, жұмысқа кірісіп кеткен. Химиялық сұйықтықты жою үшін қаладан екі КамАЗ әк алдырылды.

Сәкен Қаныбеков, облысы әкімінің орынбасары: “Жол келеңсіздіктің зардабын жою бір күннің тірлігі деп ойлаймын. Себебі қазір мына мамандардың айтуына қарғанда, болжам бойынша 12 сағаттың ішінде жол ашылады. Ары қарай, ешқандай қауіп болмаса, жағдай бір-екі күннің ішінде шешіледі деп ойлаймыз. Қанша пойыз тоқтап тұрғаны әлі белгісіз.”

Оқиғаның мән-жайын “Қазақстан теміржолы” мекемесінің арнайы комиссиясы тексеруге кірісті. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, тәулік ішінде кестеден кешіккен пойыздар жүрісі енді реттеле бастаған. Қазіргі уақытта шойынжолдың екінші бөлігінің жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz