«Жеңісті жақындатқандар» топтамасы: Нұрмұхамет Әжіметұлы

441
Бауыры із-түссіз кеткен тыл ардагері

Тыл ардагері Нұрмұхамет Әжіметұлы сұрапыл соғыс жылдары өзі үшін ең қиыны қаралы хабарды жеткізу болғанын айтады. Ардагердің туып-өскен жері — Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылынан майдан даласына аттанған 47 ер-азаматтың 7-і ғана елге оралған.

Жүректе қатпар-қатпар болған қаралы хабарлар 70 жыл өтсе де көз алдынан кетпейтінін айтқан қария бүгінде кітаптағы боздақтардың тізіміндегі бауырының есіміне қарап, күрсіне еске алады.

Бауыры із-түссіз кеткен тыл ардагері
Нұрмұхамет Әжіметұлы

Тыл ардагерінің 4 бірдей бауыры майдан даласына аттанып, біреуі ғана аман оралды. Қаза тапқандары ұрпақсыз кетті деп қынжылады қария. Өзі майданға жасы жетпегендіктен, фермада мал санақшы және пошташы жұмысын атқарған.

Нұрмұхамет Әжіметұлы, тыл ардагері: «Ең қиыны — қара хаттың келуі. Оны жылатып, еңіретіп, зарлатып естіре алмайсың. Амал жоқ, бірін айтасың, бірін айтпайсың. Қиямет жылдар болды ғой…»

Қарияның қиын-қыстау кезеңді суреттеп, сағаттап айтары бар. Өздері тойып тамақ жемесе де майдан даласындағыларға бар жылы киім мен азық-түлікті жинап жіберіп отыруға атсалысқан. «Өмірімде мен үшін ең ұмтылмасы, жақсылықтың жаршысы болған кезім» дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tC2LWWDsaoU[/youtube]

Нұрмұхамет Әжіметұлы, тыл ардагері: «Ауылдың ортасында радио бар еді. Сонда «Соғыс бітті!Жеңіс! Победа! деген Левитанның гүрілдеген дауысы естілді. Бәріміз шат-шадымен болып қуандық. Бергі жақтағы Қызылту деген ауылда радио жоқ еді. Содан көк жорға атыма мініп алып, «Жеңіс! Жеңіс!» деп, ауылдың арғы басына дейін өкпем өшкенше айқайлап қайттым.»

Нұрмұхамет қажы Әжіметұлы соғыс жылдарынан кейін партияда қызмет атқарды. Кеудесі орденге толы тыл ардагері 6 перзенттен 18 немере, 14 шөбере сүйіп отыр. Дүниеде баға жетпес ең басты байлық — ол елдің тыныштығы дейді қария.