Мұсылман жамағатына парыз етілген қажылық сапар басталып кетті. Ниет еткендер алдымен кіші қажылығын өтемек. Шымкенттің жетпіске жуық азаматы құлшылық мекеніне жолға шықты. Олардың арасында жасы 80-ді алқымдаған қарт та, 30 жастағы жігіттер де бар.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0ki-tLtOUhY[/youtube]
Алла алдындағы парызын өтеуге ниет еткендер алдымен Дубайға жетіп, әрі қарай Джиддаға аттанады. Содан соң қасиетті Мединаға табан тірейді. Алғашқы топтың құрамында 70 адам бар. Құдайға құлшылығын арттырып, қажылығын өтеуге аттанғандарға «Ордабасы» туристік компаниясы қызмет көрсетеді.
Ержан Ташенов: «Мұсылмандар көптеп барып жатырмыз. Алыс сапарға шыққанда сенімді жолдас табу керек. Ал «Ордабасы» компаниясы өз істерін адал атқарады. Сол себепті де осы компанияны таңдадық. Қасымызда жолсерік менеджерлер жүреді. Бұған дейін де осы компания арқылы қажылыққа барып келіп жатқан жамағат бар».
«Ордабасы» туристік агенттігі 2003 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы бөлген квотасы негізінде жұмыс жасайды. Жыл сайын төрт жүзге жуық жамағатты қажылыққа аттандырады. Олардың дін-аман барып келуін қадағалайды.
Зикрулла Әліқұл, «Ордабасы» туристік агенттігінің директоры: «Бару қаржысы қалта көтерерлік — 1200 АҚШ долларынан басталады. Сосын оларды жайғастыру мәселесін қатаң қадағалаймыз. Қонақ үйлер де ғибадат орнына жақын орналасқан. Бес уақыт намазын оқуға ыңғайлы. Егер ауырып қалып жатса, дереу дәрігерге көрсетіп, жіті бақылап отырамыз».
Екінің біріне бұйыра бермейтінғибадатқа барушылардың қатары жыл сайын толыға түсуде. Қаржысын босқа ысырап еткенше, сауапты амалға ұмтылатындардың қатары молайғаны құптарлық.
Мекке шаһарына жол бұйырған жандардың жас айырмашылығы әртүрлі. Сапарға шығарып салушылардың да қатарында шек жоқ. Ал жолға шыққандар 15 күн ғибадат етіп, қайта елге оралады. Егер Сіз де мұсылманға парыз етілген қажылық сапарға жол тарқыңыз келсе, Республика даңғылындағы № 18 үйде орналасқан «Ордабасы» туристік агенттігінің көмегіне жүгенсеңіз болады. Жұмыс телефоны — 56-32-25. Ұялы телефондары: 8-701-739-14-14, 8-707-939-14-17.