Құрмет күні қарияларға құрмет көрсетілді

405

Бүгін – Оңтүстікте «Құрмет күні». Қалыптасқан дәстүрге сай Оңтүстік Қазақстан облысында Наурыз мерекесі тоғыз күн бойы әркелкі атаулармен ұйымдастырылып, өткізілуде. Мерекелік бағдарламаға сай бүгін өңірде «Құрмет күні» болып белгіленіп, оның аясында жас ұрпақ абзал қарияларға құрмет көрсетті. Қариясын қазынаға балайтын Оңтүстік жұртшылығы осылайша ұрпақтар сабақтастығы дәстүрін жаңғыртып отыр.

Атаулы дата аясында қала әкімінің орынбасары бастаған топ, қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған орталыққа барды. Медициналық-әлеуметтік мекеме тұрғындарына құрмет көрсетті.

Мереке аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 443 майдангер мен 21 мыңға жуық тыл еңбеккерлеріне жас буын өкілдері сый-құрмет көрсетіп, алғыстарын жеткізді.

Ал Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі 190 соғыс ардагеріне ақысыз тіс протездерін алуға арналған куәлік тапсырды. Қарт майдангерлерге «Мастер Денттің» сертификаты табысталды. Онда қарияларға тіс протезі тегін салынады, медициналық тексеруден тегін өтеді. Бұл үшін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мен «Мастер дент» емханасы екі жақты меморандумға қол қойды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FkONBYj7SnE[/youtube]

Мұынмен қоса шаһарда орналасқан қарттар үйіндегі жалғызбасты 250 қарияға қала әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасады. Мұндай игі шаралар аудан, қалаларда да өтуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі