Шымкентте мұғалім кісі қолынан қаза тапты. Қанды оқиға Наурыз шағынауданында болған. Көктемнің алғашқы күндері Төлеби ауданының тұрғыны келіншегін тіс дәрігеріне көрсету үшін Шымкентке алып келеді.
Сол кезде белгісіз біреу көлікте отырған жерінен 28 жастағы мұғалімді басынан атып, өлтіріп кеткен. Марқұмның Төле би ауданындағы Қасќасу ауылында психолог болып жұмыс істейтіні анықталады. Арада 1 аптадай уақыт өткен соң полиция қызметкерлері осы іске қатысты күдіктіні қолға түсірді.