Арзандатылған азық-түлік кімге кедергі келтірді?

361

Тұрақтандыру қоры ұсынған әлеуметтік тауар қаладағы барлық базарда сатылуда. Арзандатылған азық-түлік тиілген жүк көліктеріне халықтың көзі үйренді. Алайда алып-сатарлардың жағдайы қиындады. Олардан салығын алып отырған базар иелері әлеуметтік тауар артылған көліктерді қуа бастады.

vlcsnap-2015-03-17-17h23m02s191

«Жаңа шаһар» базарының маңындағы жұмыс күні дау-дамайдан басталады. Әлеуметтік тауар тиелген жүк көлігін базар иелері жақтырмайды. Тұрған орнымыздан қууды әдетке айналдырған дейді арзандатылған азық-түлік өнімін сатушылар. Күнде қысым көрсетіп, әр түрлі сылтау тауып, әлеуметтік азық-түлікті сатқызбаудың амалын жасайтын көрінеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tctecLfIxJc[/youtube]

Әнуарбек Нұрлыхан, сатушы: «Базардың алдында тұрып сатуға рұқсат берілген. Бірақ, базар иелерімен келісе аламай, осында тұруға мәжбүр болдық. Біз қайда тұрсақ та халық тауып алады деп ойлаймыз. Бірақ, қаладағы барлық базардың алдында әлеуметтік азық-түлік сатылады ғой?»

Азық-түлік артылған көліктің базар ішінде тұрғаны халыққа тиімсіз. Онсыз да алып-сатарлардан аузы күйген халық тұрақтандыру қорының көлігін сауда орнының алдында тұрғанын қалайды.

Ал «Алаш» базарында жағдай тұрақталған. Әлеуметтік тауар тиелген жүк көлігі бұған дейін базардың түкпірінде тұрған. Екі-үш күннен бері базардың кіреберісіне жайғасыпты. Осылайша бұрын-соңды арзан бағада азық алмаған ағайынға қуаныш сыйлады.

Картоп, сәбіз, ұн, макарон өнімдері, шекер секілді бірінші қажеттілікке ие азық-түлікті арзан сатудағы мақсат — базардағы бағаны тұрақты ұстап тұру. Облыс әкімдігінің осыдан бір жыл бұрын бастаған шарасы. Содан бері «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өз өнімдерін ұсынып, қарапайым халыққа колдау көрсетіп келеді. Ал оның шарапатын көпбалалы отбасыдан бастап зейнеткерлерге дейін көруде. Ризашылықтарын білдіріп, халық қамын ойлаған билікке алғысы да шексіз.

Жарты жолға келгенде бірқатар базар иелері мен кәсіпкерлер тың жобаның тамырын кеспек. Тұрақтандыру қорының тауар тиелген жүк көлігін қуып, әлекке түскен. Бұл құйтырқы әрекеттерін ашық көрсетпесе де түрлі айлаға басқан. Ал бастаған істі аяғына дейін жеткізу, оны қадағалау жұмыстарын кәсіпкерлік бөлімі ұмыт қалдырған сыңайлы.