Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды

27

 

Зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Қаскөй сатып алушы ретінде келіп, бағалы бұйымдарды білдірмей ұрлап ізін суытқан. Тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданды.

 

Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, ұрының жеке басын анықтады. Ол бұрын соңды ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Алматы тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жерінен ұстады. Күдікті зергерлік бұйымдарды ломбардқа сатып үлгергені белгілі болды.

 

Қазіргі таңда әйел қамауда. Құқыққорғаушылар оның басқа да ұқсас жайттарға қатысы бар болуы мүмкін екенін атап өтті.